1. Жалпы ережелер
1) Қызмет көрсетушілер туралы мәліметтер
Білім беру саласындағы мемлекеттік қызметтерді Ақмола облысы білім басқармасының «Біржан сал ауданы бойынша білім бөлімі
Сәуле ауылының Шәрәпи Әлжанов атындағы жалпы орта білім беретін мектебі» КММ көрсетеді. Заңды мекенжайы: Сәуле ауылы, Ақан сері көшесі 2Б
2. «Біржан сал ауданы бойынша білім бөлімі Сәуле ауылының Шәрәпи Әлжанов атындағы жалпы орта білім беретін мектебі» КММ 46 мемлекеттік қызмет көрсетіледі.
Соның ішінде:
Білім беру саласындағы барлық мемлекеттік қызметтер тегін негізде көрсетіледі.
3) неғұрлым талап етілетін мемлекеттік қызметтер туралы ақпарат
Білім беру саласында неғұрлым талап етілетін мемлекеттік қызметтер:
- "Жалпы білім беретін мектептердегі білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарына тегін және жеңілдікпен тамақтандыруды ұсыну";
2. Көрсетілетін қызметті алушылармен жұмыс
1) ақпаратқа қол жеткізу көздері мен орындары туралы мәліметтер
Көрсетілетін қызметті алушылар үшін барлық қажетті ақпарат «Біржан сал ауданы бойынша білім бөлімі Сәуле ауылының Шәрәпи Әлжанов атындағы жалпы орта білім беретін мектебі» КММ
сайтында орналастырылған http://sc0014.birzhansal.aqmoedu.kz/
Сондай-ақ барлық ведомстволық бағынысты ұйымдарда ресми интернет-ресурстар мен ақпараттық стенділерде мемлекеттік қызметтер көрсету қағидалары орналастырылған.
Өзіне-өзі қызмет көрсету бұрыштары жұмыс істейді.
3. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерістерін жетілдіру жөніндегі қызмет
1. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайту және Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру мақсатында “Сәуле ауылының Шәрәпи Әлжанов атындаңы ЖОББМ” КММ
Akmola.kz ақпараттық жүйе арқылы (шағын орталық). жұмыс істейді.
2. Білім беру саласында «Біржан сал ауданы бойынша білім бөлімі Сәуле ауылының Шәрәпи Әлжанов атындағы жалпы орта білім беретін мектебі» КММ
қажетті компьютерлік техникамен қамтамасыз етілген 3 қызметкер мемлекеттік қызмет көрсетеді.
4. Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бақылау
1) Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті алушылардың шағымдары туралы ақпарат
2025 жылдың кезеңінде білім беру саласында мемлекеттік қызметтер көрсетуге шағымдар түскен жоқ.
2) мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын ішкі бақылау нәтижелері
Ішкі мемлекеттік бақылау Бақылау іс-шаралары және мемлекеттік қызметтер көрсету сапасының мониторингі нысанында жүзеге асырылады.
5. Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру перспективалары
Көрсетілетін қызметті алушылардың тиімділігі мен қанағаттанушылығын арттыру мақсатында мынадай міндеттер қойылды:
- Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын қатаң сақтау;
- Мемлекеттік қызмет көрсету ережелерінің қолжетімділігін қамтамасыз ету;
- электрондық үкімет порталы арқылы өтініштер үлесін ұлғайту;
- қызметкерлердің біліктілігін арттыру;
- Мемлекеттік қызмет көрсету сапасына ішкі мемлекеттік бақылау жүргізу.
Мектеп директоры: Тлеукенова М.С.
Орынд. ОІО Барболова А.М.
Тел: 2-34-74