Шәрәпи Әлжанов атындағы Сәуле орта мектебі
2019-2020 оқу жылы
Қаңтар айының 31 күні мектебімізде 1-11- сыныптар аралығында «Дұрыс тамақтану-денсаулық кепілі» тақырыбында сынып сағаттары өтті.
Мақсаты:Оқушылардың өз пікірлерін тыңдай отырып,қосымша мәліметтер бере отырып,денсаулық құндылығы, дұрыс тамақтану туралы түсініктерін кеңейту.Денсаулықтың адам өміріндегі маңыздылығын түсіндіру.Денсаулықты күтуге,дұрыс тамақтана білуге үйрету.
Сынып жетекшілері және мектебіміздің медбикесі Шабданова С.С. Балалар мен жасөспірімді дұрыс тамақтандыру олардың денсаулығын нығайтып, дене және ой қабілетінің дамуына мүмкіндік береді, еңбек ету мен сабақ үлгеру қабілетін арттырады. Егер тамақтану дұрыс ұйымдастырылмаса, тиімсіз, яғни жеткіліксіз болса, организмде метаболизм, зат алмасу бұзылып, оның айналадағы ортаның зиянды әсеріне және әртүрлі жұқпалы ауруларға қарсы тұрарлық қабілеті төмендейді. Сонымен қатар, тамақтану ережелерін де сақтауымыз қажеттігін айтып өтті.