БІРЖАН САЛ АУДАНЫ БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ "ШӘРӘПИ ӘЛЖАНОВ АТЫНДАҒЫ СӘУЛЕ ОРТА МЕКТЕБІ" ММ
ГУ "САУЛИНСКАЯ СШ ИМЕНИ ШАРАПИ АЛЬЖАНОВА" ОТДЕЛА ОБРАЗОВАНИЯ РАЙОНА БИРЖАН САЛ

СоцСети

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Мектеп психологының ұсыныстары

Педагог- психологтың қызметтік міндеттері 
Жалпы ережелер
 
1.1.            Осы қызметтік нұсқаулық 03/09/-1999 жылғы Қазақстан Республикасы Үкіметінің № 1304 санды қаулысымен бекітілген педагог- психологтың тарифтік біліктілік мінездемесі негізінде жасалды.
1.2.            Педагог- психологты жұмысқа мектеп директоры тағайындайды және босатады.
1.3.            Педагог- психолог болып арнайы орта немесе жоғары білімі бар маман қабылданады. Жұмыс өтілінің болуына талап қойылмайды.
1.4.            Педагог- психолог тікелей мектеп директорына бағынады.
1.5.            Өз жұмысына педагог -психолог Қазақстан Республикасы Конституциясы мен заңдарын, ҚР Президентінің Жарлықтарын, білім беру саласын басқаратын барлық деңгейдегі органдардың шешімдерін басшылыққа алады. Оқушыларға білім беру мен тәрбиелеу, денсаулығын сақтау, кәсіптік бағдар беру, жұмысқа орналастыру және әлеуметтік қорғау, еңбек заңдылығының сақталуы , сонымен бірге мектептің Жарғысы мен актілерді /директордың бұйрықтар мен шешімдері және осы қызметтік нұсқаулық пен еңбек шарты/ қатысты мәселелердің дұрыс шешілуіне қатысады.
1.6.            Педагог- психолог балалардың құқықтары туралы Конвенция талаптарына сақтайды.


Педагог- психологтың функционалдық міндеттері
Педагог- психологтың жұмысының негізгі бағыттары:
2.1. Мектептің білім беру тәрбие беру үрдісіне педагогикалық- психологиялық негіздеме жасау.
2.2.            Әлеуметтік бейімделуге тосқауыл болатын жағдайларды болдырмау және алдын-алу.
2.3.            Оқушыларға психологиялық көмек көрсету.

 

Қызметтік міндеттері

3.1.            Оқыту барысында оқушылардың психологиялық, әлеуметтік және соматикалық қолайлығын сақтауға бағытталған кәсіби қызмет көрсету.
3.2.            Балалардың құқықтары жайлы Конвенция мен Қазақстан балалары құқықтары заңымен өзгеде балаларға байланысты заңдылықтарға сәйкес оқушылар құқықтарының сақталуын қадағалау.
3.3.            Мектептің әлеуметтік саласының үйлесін табуына ықпал жасап, әлеуметтік бейімделуге кедергі болатын жағдайлардың алдын-алуға және болдырмауға бағытталған іс-шараларды жүргізу.
3.4.            Оқушылардың тұлға ретінде қалыптасуына кедергі болатын факторларды анықтау және түрлі психологиялық /коррекциялық, бейімдеу, кеңес беру/ көмек беру.
3.5.            Оқушылармен ата-аналарға /олардың орынындағы адамдарға/, педагогикалық ұжымға нақты туындаған мәселелер жөнінде көмек көрсету.
3.6.            Әр деңгейлі және көп бағытты диагностикалауды жүргізу.
3.7.            Оқушылардың жеке тұлғалық және әлеуметтік қалыптасу барысында мәселелерді шешу мақсатында педагогикалық ұжым мен ата-аналар /болмаса олардың орындағылар/ жұмысын бағыттауға арналған зерттеу материалдарына негізделген педагогикалық- психологиялық қорытындылар жасау.
3.8.            Кәсіби мамандығына байланысты бекітілген үлгідегі құжаттарды жүргізу және оны тек кәсіби қызметінде қолдану.
3.9.            Дарынды балаларды анықтау, оларға психологиялық қолдау көрсету, дамуына көмек көрсету.
3.10.        Оқушылардың дамуындағы ауытқудың / ойлау қабілеті, дене бітімі, эмоциялық/ деңгейін анықтау және олардың дамуына көмектесу.
3.11.        Оқушылардың ата-аналар мен педагог қызметкерлердің психологиялық мәдениетін қалыптастыру, сонымен қатар жыныстық қатынас мәдениетін тәрбиелеу.
3.12.        Өзі қызмет ететін мектепті дамыту жөнінде қызметкерлерге кеңес беру және психологияны тәжірибе жүзінде пайдалануға үйрету.
3.13.        Еңбек қауіпсіздігі нормалары мен ережелерін, техника қауіпсіздігі, өрт қауіпсіздігі ережелерін орындау.
3.14.        Білім беру үрдісін жақсарту мен сауықтыру жөнінде ұсыныстар беру.
3.15.        Өзінің кәсіби біліктілігі мен білімін үнемі көтеріп отыру.
3.16.        Мектеп әкімшілігі өткізетін барлық педагогикалық кеңестер мен мәжілістерге қатысу.
3.17.        Педагогтың қоғамдағы дәрежесіне сай келетіндей қоғамдық орындарда, мектеп тұрмыс жағдайында өзін-өзі ұстаудың этикалық нормаларын сақтау.
 


Құқықтары.
 
4.1.  Мектеп жарғысы бойынша мектеп басқаруға қатысуға.
4.2.  Өзінің кәсіби намысы мен қасиетін қорғауға
4.3.  Жұмысын бағалаған шағымда және өзге де құжаттармен танысуға, оларға түсініктеме беруге .
4.4.  Кәсіби этика нормаларын бұзуына байланысты әкімшілік немесе тәртіптік шара қолдану мақсатында тексеру
жүргізілсе, өз мүддесін өзі қорғауға немесе заңды өкіл-қорғаушы арқылы қорғауға.
4.5.  Заңда көрсетілген жағдайлардан басқа, тәртіптік /қызметтік/ тексеру қорытындысын жарияламауға
4.6.  Психологиялық тәсілдер мен әдістерді қолдануды таңдау еркіндігіне
4.7.  Білімін жетілдіруге
4.8.  Біліктілік санатын көтеру мақсатында аттестациядан өту еркіндігі мен сәтті өткен жағдайда біліктілік санатын алуға
   
Қызметтік жауапкершілігі
 
5.1. Оқушылармен  жеке және ұжымдық психологиялық зертеулер жасау, кеңес беру немесе түрлі шаралар өткізу кезінде олардың денсаулығы мен өміріне зиян келтірсе, немесе психологиялық -педагогикалық зерттеулер мен шаралар өткізу кезінде балалардың құқықтары мен бостандықтары бұзылса, психологиялық Қазақстан Республикасы Үкіметі бекіткен заңдылықтар шегінде тікелей жауап береді.
5.2.  Балабақшаның ішкі тәртіптемесі мен Жарғысын дәлелді себептерсіз орындамаған жағдайда, сондай-ақ мектеп директорының заңды нұсқамалар мен бұйрықтарына, өзіне бекітілген функционалдық міндеттерін орындамаған жағдайда психолог ҚР Үкіметінің Кодексіне сай тәртіптік жауапкершілікке тартылады.
5.3. Тәрбиелеуде физикалық күш немесе психологиялық қысым көрсеткен немесе моральдік жағынан кінәлі болған жағдайда психолог ҚР Үкіметінің еңбек туралы заң актілеріне, ҚР “Білім”, “Еңбек” Кодекстеріне сай жұмыстан босатылады.
5.4.Мектептің оқу-тәрбие процесіне міндеттерін атқару /атқармау/ кезінде материалдық зиян келтірсе, еңбек және азаматтық заңдылықтар шегінде материалдық жауапкершілікке тартылады.
5.5. Әрекеттері немесе әрекетсіздігі нәтижесінде мектепке материалдық зиян келтірсе, Республикасы Үкіметі бекіткен заңдылықтар шегінде тікелей жауап береді және келтірген зиянын өтейді.
 

Білуге міндетті
 
5.1.    ҚР Конституциясын, ҚР “Білім туралы” заңынан, “ҚР балалары”  заңын, ҚР “Еңбек туралы” заңын, “Білім беру ұйымдары қызметі ережелерін” және “Мүмкіндігі шектеулі балаларға әлеуметтік педагого-дәрігерлік қолдау көрсету туралы” өзге де білім беру саласына байланысты құқықтық нормативтік актілерді және “Орта білім беру мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарын” балалардың өмірі мен денсаулығын сақтауға байланысты нормативтік ережелерді, психология және  педагогика теориясын балалар физиологиясы мен гигиенасын, тәрбие жұмыстарының теориясы мен әдістемесін, еңбекті қорғаудың ережелерімен талаптарын, техникалық қауіпсіздігі ережелері мен өрт қауіпсіздігі ережелерін.
5.2.     Жалпы психологияны, педагогикалық психологияны, жалпы педагогиканы, жеке бас психологиясын, балалар мен жас ерекшелігіне байланысты психологияны, әлеуметтік психологияны, медициналық психологияны, балалар нейропсихологиясын, патопсихологияны, психосоматиканы, сексологияны, психогигиенаны, еңбек психологиясын, психологиялық кеңес.
5.3.  Еңбекті қорғау нормативтері мен ережелерін, еңбек және техника қауіпсіздігі, өрт қауіпсіздігі ережелерін
5.4.  Төтенше жағдайларда іс-әрекет жасау тәртібін
5.5.  Алғашқы дәрігерлік көмек көрсету ережелерін
 
 
 
Қызметіне байланысты қатынасы.
 
6.1.   Мектеп директоры бекітілген кестесіне сай аптасына 18 сағат жұмыс істейді
6.2.   Әр оқу жылына, әр тоқсанға жұмыс жоспарын жасайды. Жасалған жоспар жоспарланған мерзімнен бес күн бұрын мектеп директорымен бекітіледі.
6.3.    Мектеп әкімшілігінен нормативтік актілерді алады және қол қою арқылы танысады.
6.4.    Оқушыларды, ата-аналарды, педагогтарды мектеп әкімшілігінен өз міндетіне кіретін ақпараттармен таныстырып отырады.

http://психолог қызметі

Жаңартылған күні: 17.04.2019 11:40
Құрылған күні: 19.04.2019 09:45

Текст