Шәрәпи Әлжанов атындағы Сәуле орта мектебі
Кәсіби бағдар бойынша мәтіндік есеп
2019-2020 оқу жылы
Шәрәпи Әлжанов атындағы Сәуле орта мектебінде «Түлектер тақтасы» атты стенд бар. Стендте балаларға қосымша білім беру жүйесіндегі кәсіби бағдар қызметі жөнінде әдістемелік нұсқаулықтар ілінген.
«Түлектер тақтасы» стендінде «Қай салада жұмыс істеген қызықты», «Қандай өмір салтын ұстанасың» атты мамандық таңдауға байланысты ескертпе қағаздар бар.
Мектепте негізгі сынып бітірушілер 6 оқушы, жалпы орта мектепті бітіруші 1 оқушы.
Оқушылармен мектеп психологы, тәлімгер, кәсіби бағдар пәнінің мұғалімі, директор орынбасарлары бекітілген жоспар бойынша дәрістер беріп бейнефильмдер көрсетілді. Әңгіме, кеңес беру, топ - топпен жұмыстар жүргізілді. «Менің мамандығым», «Өз мінез құлқыңды қалай тәрбиелейсің» тренингтер ұйымдастырылды.
Өсіп келе жатқан адамның болашақ мамандығына кәсіптік білім беруде ата-ана тәрбиесі маңызды. Осы орайда мектебімізде ата-аналармен оқушыларды тығыз байланыстыра отырып мынандай іс-шаралар жүргізілуде. «Ата-аналармен жұмыс», «Мамандық таңдау» және «Мамандықтар әлем» атты ата-аналармен жиналыс жүргізіліп, сауалнамалар алынды.
Мектебімізге ақпан айының 26 күні Красный Яр ауылынан ГККП «Ауылшаруашылық колледжі» басшылары келіп 9,11-сынып оқушыларымен түсініктеме жұмыстарын жүргізді.
Кәсіби бағыттауды анықтауға арналған психологиялық тесттер жинақтары 9-сыныптарға арналған «Мамандыққа қадам басу», 11-сыныптарына арналған «Мен және менің мамандығым» атты сауалнамалар жүргізілді. Кәсіби бағытты анықтауға арналған тестер жүргізіліп, жаратылыстану, гуманитарлық бағыттағы пәндер бойынша сұрақтар беріліп, оқушылардың мамандық таңдауына көмегін тигізді.