"АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БІРЖАН САЛ АУДАНЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІ СӘУЛЕ АУЫЛЫНЫҢ ШӘРӘПИ ӘЛЖАНОВ АТЫНДАҒЫ ЖАЛПЫ ОРТА БІЛІМ БЕРЕТІН МЕКТЕБІ" КММ
КГУ "ОБЩЕОБРАЗОВАТЕЛЬНАЯ ШКОЛА СЕЛА САУЛЕ ИМЕНИ ШАРАПИ АЛЬЖАНОВА  ОТДЕЛА ОБРАЗОВАНИЯ ПО РАЙОНУ БИРЖАН САЛ  УПРАВЛЕНИЯ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ"

Әлеуметтік желілер

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Жас Ұлан» мен «Жас Қыран» жылдық есебі

02.06.2023

         1- қыркүйек - Білім күніне орай "Білімге ұмтылу, еңбексүйгіштік және отаншылдық тақырыбында салтанатты жиын және 1-11 сынып оқушыларымен бірыңғай сынып сағаттары өтті.

Салтанатты жиынның қадірлі қонағы ретінде Біржан Сал Білім Бөлімі нің әдіскері Бекибаева Аягоз Талғатқызы және Жастар ресурстық орталығының қызметкері Альжанов Арман Жасырбайұлы, Сәуле мектебінің зейнеткер ұстаздары қатысты.

5 қыркүйек күні «Жас Ұлан» мен «Жас Қыран» жасөспірімдер мен балалар ұйымының алғашқы отырысы болды. Отырыс барысында ұйымның тұжырымдамасы мен бала құқығы туралы конвенциямен оқушыларды таныстыр отырып, жаңа оқу жылына жаңа басшыларды тағайындау жөнінде мәселелер қаралды

Қазақстан халқы тілдері күні мерекесінің ашылу салтанатын орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі С.К.Альжанова ұйымдастырды. "А.С.Пушкиннің өмірі мен шығармашылығы" тақырыбында ашық сабақ өткізді.

Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Б.Ш.Шуленова "Қазақстан халқы тілдері" күніне орай "Ұлт ұстазы-Ахмет Байтұрсынұлы" тақырыбында әдеби кеш өткізді.

Бастауыш сынып мұғалімдерінің ұйымдастыруымен 1-4 сынып оқушылары арасында "Қазақстан халқы тілдері" күніне орай тәрбие сағаты өтті.

«Біздің денсаулығымыз өз қолымызда» атты достық фестиваль өтті. Фестивальге 1-11 сынып оқушылары атсалысты.

2022-2023оқу жылында «Жас Ұлан» ұйымының «Ұлан басы» болып Искакова Даяна сайланды.Сайлау барысында хаттама толтырылды.

Қарттар күніне орай өзін-өзі басқару ұйымының ұйымдастыруымен "Қарттарым-Асыл қазынам" тақырыбында мерекелік іс-шара өтті.

 

Ұстаздар күніне орай мектебімізде өзін-өзі басқару ұйымының ұйымдастыруымен мерекелік концерттер өтті.

11-сынып оқушысы , "Алтын белгіге" үміткер Рахат Ділназ облыстық жаратылыстану-математика пәндері бойынша Президенттік олимпиадаға қатысып, жақсы нәтиже көрсеткені үшін грамотамен марапатталды.

"БАТЫРЛАР ЖЫРЫ-ТӘРБИЕ КӨЗІ" тақырыбында өткен аудандық "Қобыланды батыр" жырын жатқа айту сайысында 8-сынып оқушысы Қайрат Амина 1-орынды иеленді.

Балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің ұйымдастыруымен ұлттық ойын асық атудан өткізілген турнирде мектебіміздің оқушылары 1- орынды жеңіп алды.

8-сынып оқушылары мен С.Б.Сулейменованың ұйымдастыруымен Күзгі бал мерекесі өтті.

 

 

Аудандық Мәдениет басқармасы мен жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен өткен "Бабалар салған ізімен" аудандық жастар тарихи квесінде мектебіміздің оқушылары Әнәс Жарас, Қайрат Амина, Бимурзина Ясмин қатысып жүлделі 2 орынды жеңіп алды.

 

Өзін-өзі басқару ұйымының ұйымдастыруымен "Жігер" пікірсайыс клубы мүшелерінің қатысуымен "Пікірсайыс тарихы және оның заманауи түрлері" тақырыбында талқылау сабағы өтті.

 

Мектебімізде 1-сынып оқушыларының және сынып жетекшісі А.С.Қабдошеваның ұйымдастыруымен «Қош, әліппе!» атты әліппемен қоштасу ертеңгілігі өтті.

 

"ЖАС БАТЫР-2023" Облыстық мәдениет басқармасының ұйымдастыруымен Қазақтың ұлы ханы Абылайдың туғанына 310 жыл, Сұлтан Бейбарыстың туғанына 800 жыл, ақын Ақан серінің 180 жылдығына арналған "Жас батыр-2033' байқауына мектебіміздің 5-сынып оқушысы Еркін Әлішер Ержанұлы қатысып дипломмен және бағалы сыйлықпен марапатталды.

1-наурыз Алғыс айту күніне орай мектебімізде жоспар құрылып, жоспар негізінде сурет көрмесі, Тәрбие сағаттары, Челендждер, Алғыс жәшігі ұйымдастырылды.

7-мамыр -Ұландар күні қарсаңында Республикалық Бірыңғай «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымы қатарына қабылдау рәсімі өтті. Мектебіміздің 5 оқушысы және бастауыш сыныптан 3 оқушы Республикалық бірыңғай «Жас ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымының қатарына қабылданды.

13-мамыр күні сағат 12:00 де мектеп мұғалімдері мен 9-11 сынып оқушылары Республикалық "Жасыл мекен" челленджіне қатысып, 25 түп қарағай көшеттері отырғызылды. Челленджге ГНПВ "Бурабай" орман алқабының инпекторы Г.Е.Шулаков және Р.Сайлаубек қатысты.

  Міне, бүгін тағы бір оқу жылы аяқталып, мектеп бітіруші түлектер мен оқу жылын аяқтаған шәкірттер үшін соңғы қоңырау соғылды. 2023 жылдың 1 маусым Шәрәпи Әлжанов атындағы Сәуле орта мектебінде «Құлақтан үнің кетпестей, Сыңғырла соңғы қоңырау» атты салтанатты жиын өткізілді.

  1-Маусым балалар күніне орай мектебімізде « Балғын балалық шақ» атты ертеңгілік өткізілді. Мектеп оқушылары би билеп ,ән айтты.Мектеп директры сөз сөйледі. Мерекенің соңында мектеп ұжымы тәттілер үлестірді.

 

 



Добавить комментарий



Включить данные в подпись
Жаңартылған күні: 02.06.2023 16:28
Құрылған күні: 02.06.2023 16:28

Текст