"АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БІРЖАН САЛ АУДАНЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІ СӘУЛЕ АУЫЛЫНЫҢ ШӘРӘПИ ӘЛЖАНОВ АТЫНДАҒЫ ЖАЛПЫ ОРТА БІЛІМ БЕРЕТІН МЕКТЕБІ" КММ
КГУ "ОБЩЕОБРАЗОВАТЕЛЬНАЯ ШКОЛА СЕЛА САУЛЕ ИМЕНИ ШАРАПИ АЛЬЖАНОВА  ОТДЕЛА ОБРАЗОВАНИЯ ПО РАЙОНУ БИРЖАН САЛ  УПРАВЛЕНИЯ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ"

Әлеуметтік желілер

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Жаңа заман, жаңа талап, жаңашыл ұстаз

10.01.2018

Жаңа заман, жаңа талап, жаңашыл ұстаз

«Мектеп үшін ең керегі – жаңашыл мұғалім.» Ы.Алтынсарин.

Ж.Аймауытов айтқандай «Сабақ беру – жай үйреншікті нәрсе емес, ол – жаңадан жаңаны табатын нәрсе» деген екен. Менің ойымша, қазіргі заман мұғалімі – рухани

жағынан дамыған, педагогикалық құралдардың барлық түрін шебер меңгерген білікті әрі білгір маман болуы керек. Жалпы менің оқытудағы өз міндетім оқушыларды өз бетімен жұмыс жасауға тәрбиелеу, үйрету, шығармашылық қабілетін дамыту. Н.Ә.Назарбаевтың өз халқының болашағына деген қамқорлығының арқасында осы дәрежеге жетіп отырмыз. Елбасымыз білім беру бағытында алдымызға үлкен міндеттер жүктеп отыр. Осы мақсат-міндеттерімізге жету үшін Кембридждің Білім беру орталығымен бірлесе отырып жасаған мектеп педагогтарының біліктілігін арттыру

курсының бағдарламасында көрсетілген заманауи оқу әдістемелерінің жеті негізгі модульінің рөлі өте маңызды. Дәстүрлі оқыту мен заманауи оқытудың аражігін анықтауда айырмашылығы мен ерекшелігінің бар екенін байқадым. Дәстүрлі оқушы тек қана тыңдаушы болса, ал қазіргі заманның оқушысы сындарлы ойлай білетін, өзіндік ізденіс пен ақпаратты терең талдай алатын машықты болуы тиіс.

Просмотров: 678


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст