"АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БІРЖАН САЛ АУДАНЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІ СӘУЛЕ АУЫЛЫНЫҢ ШӘРӘПИ ӘЛЖАНОВ АТЫНДАҒЫ ЖАЛПЫ ОРТА БІЛІМ БЕРЕТІН МЕКТЕБІ" КММ
КГУ "ОБЩЕОБРАЗОВАТЕЛЬНАЯ ШКОЛА СЕЛА САУЛЕ ИМЕНИ ШАРАПИ АЛЬЖАНОВА  ОТДЕЛА ОБРАЗОВАНИЯ ПО РАЙОНУ БИРЖАН САЛ  УПРАВЛЕНИЯ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ"

Әлеуметтік желілер

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

“Рухани - адамгершілік – ізгілік нұры”

26.12.2017

“Рухани - адамгершілік – ізгілік нұры”

Ешкім адамгершілігі мол азамат болып тумайды. Басында бұлағы бар өзеннің ұзақ ағатыны секілді, өнегелі ата – ананың тәліміне сусындап - адалдық, еңбексүйгіштік, бауырмалдық рухта ержеткен бала, мектеп, қоғам тәрбиесін де бойына жақсы

сіңіреді. Мен бауырмалдық дегенді бірнеше рет қайталадым. Оның кең мағынасы халықаралық достық - бауырмалдық. Азаматтықтың, батырлықтың бір негізі осы бауырмалдықтан шығады. Ерлік аспаннан түспейді, Отанды сүюден туады. Ал, Отанды сүю үй ішіңнен, отбасынан өседі. Ата – ананы, апа - қарындасты, аға - ініні сыйлап, құрметтеген халқының да қадіріне жетеді. Халқын қадірлеген сын сағаттан сүрінбей өтеді. Елін сүйген ер атанады. Өйткені ерлік білекте емес, елін сүйе білген адал жүректе......

Бауыржан Момышұлы

Адам бойына бірінші керек қасиет - адамгершілік деп білемін. Себебі онда сүйіспеншілік, мейірімділік, ізгілік, махаббат, жақсы ойлау сынды іс - әрекеттердің тізбегі жатыр.

Адамгершілігі мол деп – арам пиғылдан ада азаматтарды айтар едім. Жақсы адам жан - жағына нұр шашып қана қоймай жетімдерге жұбаныш, әлсіздерге демеу болады. Дүниедегі жағымды нәрселердің бәрі – адамгершілік ұғымы арқылы жүзеге асады. Осы қасиет арқылы жас та, кәрі де өзінің мақсат - мүддесіне, арман тілегіне, болашақтан үміттенуіне сенім білдіреді деп ойлаймын.

Адамгершіліктің 7 қағидалары

1. Ақиқатқа сену, адал болу;

2. Жақсы мінез, көрікті ақыл;

3. Дұрыс іс - әрекет, ойлану;

4. Жүректе имандылықты сезіну;

5. Тәртіпке бағыну, жақсы тәрбие алу;

6. Ата - анаңмен бауырыңа қорғаныш болу, халқың үшін еңбек ету;

7. Зорлық - зомбылық көрсетпей, әлсіздерге көмек жасау;

Адам бойындағы 7 қасиет

1. Көру - әлемнің сұлулығын көзбен тамашалау;

2. Есту - әлемдегі керемет дыбыстарды есту;

3. Сезіну - ізгілікті жүрекпен ұғыну;

4. Дәм сезу - ең дәмді мен ащының дәмін тату;

5. Ұстау - екі қолмен жақсылық жасау;

6. Аялау - қолда бардың қадірін білу;

7. Махаббат - сүйіспеншілік;

Адам бойындағы осы қасиеттер бізге алланың жасаған сыйы.Оны адамзатқа жақсы істер үшін берген деп ойлаймын. Күллі дүниеде осы 7 қасиет түгелімен берілген бірде - бір тірі жан иесі жоқ. Ол тек адам деген атқа лайық пендеге бұйырған. Ендеше

адамгершілігі мол азамат боламын дейтін адам осы қасиеттерін тек жақсы пейілмен іске асырса екен деймін.

Адамгершіліктің 7 қасиеті

• Дененің 3 жауы: сатқындық, ашкөздік, ауырту.

• Сөйлеудің 3 жауы: дүрбелең таратуға құмарлық, өтірік сөз, өсек

• Ақылдың 3 жауы: басқа адамдардың нәрселерін қалау, көреалмаушылық, цинизм

Не істеу керек?

Өз қалауларыңызға шек қойыңыз!

Тағамға

Ақшаға

Билікке

Уақытқа

Адамгершіліктің бес құндылығы

1. Сүйіспеншілік - адам жанының асыл қасиеті, асқақ мұраты, таным тұғыры, риясыз, ынтық, нәзік сезімі.

Махаббат - адам жүрегін нұрлы қуанышқа бөлеп, рухына қанат бітіретін ең күшті, ең тұрақты, ең асқақ сүйіспеншілік сезімі.

2. Дұрыс іс - әрекет - ол жүректе туындайды, сонан соң сөз түрінде беріледі және іс жүзіне асырылады.

Дұрыс әрекет ету қағидасы – өзіңе де, басқа адамдарға да, табиғатқа да зиян келтірмеу.

3. Қиянат жасамау – ақиқатпен өмір сүру, мінез - құлық және жан тыныштығы да сүйіспеншілікке арналған, яғни тәтті жеміс.

“Рақымдылық, мейірбандық, әр түрлі істе адам баласын өз бауырым деп, өзіне ойланғандай оларға да болса игі еді демек, бұлар - жүрек ісі. Асықтық та – жүрек ісі. Тіл жүректің айтқанына көнсе, жалған шықпайды. Абай

4. Жан тыныштығы

Адамның ішкі жан дүниесі тынышталса, оның отбасында да тыныштық болады. Ал отбасында тыныштық болса, қоғамда да тыныштық болады. Қоғамда тыныштық болса, мемлекетте де тыныштық болады.

5. Ақиқатты тану

Рухани кәусар бұлақ \көзіне жолды іздеп табу - бұл әрбір жеке адамның, нақ осы қазір өмір сүріп жатқан барлығымыздың және өмірге жаңа қадам басқан адамдардың міндетінің ішіндегі міндеті.

Қорытынды

Бізше, адам өмірін түзеуге, барлық адамдар тату тұруға, негізгісі – адал еңбек, ақ жүрек, арлы ақыл болуға керек. Дүниеде бұл үшеуі үстем болмай, адам баласына тыныш өмір сүруге мүмкіндік жоқ...Мейірімділік, махаббат, қайырымдылық, адалдық ақ жүректен шығады.

Ал арлы, ақылды адам қиянатты, зорлықты, өзімшілдікті, мақтанды білмейді және істемейді.

Осы үшеуінің басы қосылса, адам жақсы өмір сүріп, бірімен бірі тату тұруында сөз жоқ.

Жақсылық жасау арқылы адам бойында туатын ішкі тыныштығын ояту.Оқушылардың бойында ішкі тыныштық құндылығын дамыту,өз жақындарының ішкі сезімдерін түсіне білуге,адамдарға тек жақсылық нұрын себе білуге тәрбиелеу.Оқушылардың этикалық қарым-қатынастарын дамытуға ықпал ету.Оқушыларды ізетті,сыпайы,әдепті,ілтипатты болуға тәрбиелеу. Кішіпейілділікке бейім қабілеттерін дамыту.Оқушылардың бойына кішіпейіл,адал,сенімді,кешірімді болуға дағдыландыру.Оларды зиянды заттарды қолданудың алдын алуына көмектесу.Үлкенге құрмет,кішіге ізет көрсету,салауатты өмір салтын ұстануға тәрбиелеу;Оқушылардың күнделікті қарым-қатынастағы адамгершілік қасиеттер туралы түсініктерін кеңейтуге ықпал ету.Оқушыларды өзін-өзі басқара алуға,өздігінен іздене білуге тәрбиелеу.

Өзін және айналасын тануға деген қызығушылықтарын арттыру,ізгілікке тәрбиелеу.Оқушы өзінің бойын ұстамдылыққа,сабырлылыққа,ризашылдыққа  үйрету.Жағымды қарым-қатынастар туралы түсінік қалыптастыру.Оқу-білімнің адам өміріндегі маңызы өте зор екендігін оқушыларға жеткізу.Кітапты қадірлеуге,еңбекті сүюге тәрбиелеу,үлкендер мен кішілер арасындағы сыйластықты түсіндіру.Үлкендерді сыйлауға,кішілерге қамқор болуға тәрбиелеу.Достыққа бейімділік сапаларын дамыту,өзара татулыққа,шыдамдылыққа тәрбиелеу,бірлікте,көпшіл болуға іскерліктерін дамыту.Бір-біріне көмектесуге,бірлесіп еңбек етуге тәрбиелеу;Ата-тегін білуге деген қызығушылықтарын арттыру.Мейірімділікке,үнемдей білуге тәрбиелеу.Ойын әрекетіндегі шығармашылық қабілеттерін дамыту.Халық даналығына сүйіспеншілігін арттыру.Оқушыларды рухани адамгершілік қағидаларды өз бақыты үшін дұрыс қолдана білуге,өмірді бағалай алуға тәрбиелеу.Өз туған үйлері мен отбастарына деген сүйіспеншіліктерін дамыту.Адамдарды сыйлай,қадірлей білуге тәрбиелеу.Жеке тұлғаның қоғам алдындағы әлеуметтік және азаматтық жауапкершілігін сыни көзқарас тұрғысынан сезінуге үйрету.Мемлекеттік тілге құрметпен қарап,өз елін мақтан ету сезімдерін тәрбиелеу.Оқушылардың жаңа бастама,жақсы істер,ел болашағы жөнінде ұғымдарын дамыту.Оқушыларды ізгі істерге баулып,шығармашылыққа жетелеп,белсенділіктерін арттыру.Ойлау қабілеттерін дамыту.Топпен жұмыс істеуге,жұппен бірлесуге баулу.Оқушының жақсы оқуына,сапалы білім алуына,саналы тәрбие беруге,әдепті сөйлей білуге үйрету.Адал достыққа,жағымды қарым-қатынасқа,мол адамгершілікке тәрбиелеу.Шығармашылық қабілетті анықтай отырып,дарындылықты байқау.Сұрақтарға  орынды,толық мәнді де жауап беруге талпындыру.Оқушыны жеке тұлға ретінде қалыптастыру.Оқушылардың сөздік қорын зерттей отырып,өз ойын ашық білдіруге,толық жеткізе білуге дағдыландыру.Табиғатты аялауға,өз отанын сүйе білуге,сүйіспеншілікке,қамқорлыққа тәрбиелеу.Жақсы мен жаманды ажырата білуге,жақсылықты түсіне білуге баулу.Алдына мақсат қоя біліп,оған жетуге,яғни ізденіп,еңбектеніп қол жеткізуге баулу.Уақытты бағалай алуға,бір күнгі сәтті өмірдің қадірін білуге үйрету.Өз-өзіне сенімділікпен қарауға дағдыландыру.Оқушылардың өз денсаулығына күтіммен қарауға,шын ниет,шын жүрегімен ойлауға үйрету.Тез шешім қабылдай алуға, ізденімпаздыққа, еңбектенуге тәрбиелеу. 

Просмотров: 707


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст