"АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БІРЖАН САЛ АУДАНЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІ СӘУЛЕ АУЫЛЫНЫҢ ШӘРӘПИ ӘЛЖАНОВ АТЫНДАҒЫ ЖАЛПЫ ОРТА БІЛІМ БЕРЕТІН МЕКТЕБІ" КММ
КГУ "ОБЩЕОБРАЗОВАТЕЛЬНАЯ ШКОЛА СЕЛА САУЛЕ ИМЕНИ ШАРАПИ АЛЬЖАНОВА  ОТДЕЛА ОБРАЗОВАНИЯ ПО РАЙОНУ БИРЖАН САЛ  УПРАВЛЕНИЯ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ"

Әлеуметтік желілер

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Туған жер

12.12.2017

Туған жер

Неткен байтақ, неткен ұлы жер едің,

Нендей күйге жүрегімді бөледің.

Сенде тудым, сенде өстім, сенде өлсем

«Арманым жоқ бұл дүниеде» дер едім.

Қасым Аманжолов

Туған жер! Қандай құлаққа жағымды, жылы сөз! Осы сөзді алыс, жақында жүрген адамдар, жадындай қастерлеп, қадір тұтады.Әр адамға өзінің туған жері ыстық.

Иә, әр халықтың, әр ұлттың өз Отаны, туған жері болады.

Біздің туған еліміз, мына кең жатқан жеріміз, қазақтың жанымен, қанымен, ержүрек батырларымен сақталған, қорғалған. Сол қазақ жерінде ақылы мен айласы сай хандар мен билер, даналар, данышпандар, тапқырлар мен ақылдылар өмір сүріп, осы күнге жеткізіп, біз сияқты ұрпаққа қалдырған – туған жеріміз, қазақ еліміз бар. Осындай кең байтақ, өте бай еліміздің әр облысын мақтан ете аламын. Іргесі берік. Тынысы кең елімнің күннен – күнге бой көтеріп, соңғы сәнмен бой түзеп келе жатқан бас қаламыз – Астанамыз бар. Қазақстан елі жерге де, табиғатқа да аса бай өлке.Жер шоқтығы Бурабайым, көгілдір Көкшемнің аты шартарапқа танымал емес пе?!

Міне, сол қасиетті Көкшетау аймағындағы бір ғажап қазақ ауылы- Сәуле. Сәуле деген сұлу да сымбатты атау осы ауылдан түлеп ұшқан бүгінгі ұрпақ түгілі, сол атау өмірге келмей тұрғанда- ақ сол маңды шиырлап өскен ата- баба, аға буын өкілдеріне де аса қадірлі де қымбат.

Сұлу табиғатымызға, жеріміздің байлығына кімдер қызықпады десеңізші?! Соның бірі жоңғар-қалмақ шапқыншылығы осындай азулы дұшпандарымыздан қарсы тұрып, еліміздің намысын қорғауға ұйымдастырған, үш жүздің басын қосып, біріктірген Абылай бабамыздың орны бөлек қой.

Ауылдың шығыс бетін жанай Абылайдың қара жолы өтеді. Сонау теріскейдегі Қызылжар шаһарын, берірек Тайынша базарын, одан берірек Даңқой ауылдарын аралай өтіп, Абылай ірге тепкен Бурабай баурайын көктеп келіп, сонау оңтүстікке бет алар бұл жол өз заманында жүргіншілер, шолғыншылар, жаушылар, хабаршылар, кірешілер жиі қатынап, ұзақ шиырлап тастаған табаны тастақ кәдімгі таспа жол болған.

Шоқы мен Сапақ, Діңгек Құрттыкөлім,

Ежелден ата- бабам мықты менің.

Іргеңде «Абылайдың қара жолы»,

Қастерлі қасиетіңді ұқтым, елім.- деген өлең жолдары осыған дәлел.

Тарихтың қойнауына үңілсек , бүгінгі Сәуле төңірегін Би ауылы, Жабағы ауылы, Байдалы ауылы, Сатыбай ауылы, Шуақ ауылы дегендер қатарласа орналасқан деседі көне көз қариялар.

Халқымыз қашанда шаршы топта білек сыбанып күреске түсіп бәйге алған палуанды, таңдайынан күміс әуен төгілген әншіні, жаудан қайтпас батырды, сөз өнерімен дүниені таңырқатқан ақынды, бармағынан бал там ған күйшіні, асқар ойлы ғалымды, даналықпен ел басқарған әділ адамды төбесіне көтерген. Оларды пір тұтқан, қастерлеген.Осындай терең ойлы, көлдей білімді, халқымыздың тұңғыш педагогтарының бірі, Алаш арысы Шәрәпи Әлжанов. Қыркүйек айында Сәуле ауылындағы орта мектепке Ш.Әлжановтың есімі беріліп, аталмыш білім ордасының алдында ескерткіш бюстінің ашылу салтанаты болып өтті. Ол кісінің есімі кейінгі ұрпақтың ойына қанат бітіріп, санасын оятуға зор ықпал етері сөзсіз.

Мен осынау қысы қатал, жазы ыстық шағын ғана ауылымды әлемнің ең жұмсақ орнына да айырбастамас едім. Бәлкім, мұның бәрі- Отан, туған жер деген аяулы ұғым өз топырағыңнан өскен ұрпақтың елге деген ыстық ықыласынан туған болар.

Өз елін өле-өлгенше сүйіп өтетін адамдар өмірде барлығын қандай қиын бел—белестер бастан өтсе де туған елге шексіз махаббаттың тұтанған оты өшпей, қайта маздай түссе, олардың сезімі адал, суыққа да, ыстыққа да шыдайтын сезім болып табылады. Ол адамдар туған жерінің адал перзенті, Қазақ деген елімнің шаңырағына уық болып қаланған бір тетігі.

Ш.Әлжанов атындағы орта мектептің 7- сынып оқушысы Еркін Алмаз.

Жетекші қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі Шөленова Бағлан Шұғылақызы

Просмотров: 642


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст