"АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БІРЖАН САЛ АУДАНЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІ СӘУЛЕ АУЫЛЫНЫҢ ШӘРӘПИ ӘЛЖАНОВ АТЫНДАҒЫ ЖАЛПЫ ОРТА БІЛІМ БЕРЕТІН МЕКТЕБІ" КММ
КГУ "ОБЩЕОБРАЗОВАТЕЛЬНАЯ ШКОЛА СЕЛА САУЛЕ ИМЕНИ ШАРАПИ АЛЬЖАНОВА  ОТДЕЛА ОБРАЗОВАНИЯ ПО РАЙОНУ БИРЖАН САЛ  УПРАВЛЕНИЯ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ"

Әлеуметтік желілер

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Математика пәнін оқытуда жаңа технологияның тиімділігі және нәтижелігі

20.11.2017

«Математика пәнін оқытуда жаңа технологияның тиімділігі және нәтижелігі»


Білім беру жүйесінің басты - міндеті ұлттық және адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке

адамды қалыптастыруға,дамытуға және кәсіби шындауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау,оқытудың жаңа технологиясын енгізу, білім беруді ақпараттандыру. Қазіргі заманғы білім беру саласындағы ақпараттаудың стандарттаудың, технологиялаудың, интеграциялаудың,

шартты көрсеткіштерінің ауқымды үрдістері және білім беруде қолданылып жүрген әдіс-тәсілдер жан-жақты әзірленген педагогті қалыптастыруға деген сұранысты туғызды. Математика пәні мұғалімінің білім берудің тиімді әдістемелік жүйесін жобалауды технологиялық тұрғыдан құру, жеке тұлғаны дамытуға бағытталған мектептегі математика курсының білім, білік, дағдыларды қалыптастыру ғана емес, дамытушылық және тәрбиелік қызметін жүзеге асыру бүгінгі күннің өзекті мәселесі болып табылады. Оқытушының кәсіби іс-әрекеті мен оның атқаратын қызметі зерттеушілер А.Е.Абылқасымова, О.Анисимов, А.Нижниковтің, ал математиканы компьютер көмегімен және ақпараттық технологиялармен оқыту мәселелері М.Е.Есмұхан, Ж.А.Қараевтардың зерттеу

еңбектерінде кеңінен толығымен қарастырылған. Жаңа заман ағымына сай білім саласында жаңа технологиялар қолданудың бүгінде маңызы аса зор.

Бүгінгі күні мектептегі оқу пәндерінің ішіндегі ең күрделісі әрі қиындығы мол деп саналатын пәндердің санатында –

математика пәні болып есептелінеді. Қоғам мен заман талабына сай білім беру - бұл оқушыларды адамгершілікке, интеллектуалдық, мәдени дамудың жоғарғы деңгейі мен білімін қамтамасыз етуге бағытталған тәрбие беру мен оқытудың үздіксіз үрдісі. Ал бұның тиімділігі мен сапасын арттыру оқытушының оқу процесінің ғылыми теорияға негізделген және оқушының қабілетімен бейіміне негізделген оқытудың таңдамалы, белсенді, қарқынды әдістеріне көшуді заман мен қоғам талабына сай талап етуде.






Просмотров: 448

Қосымшалар:



Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст