"АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БІРЖАН САЛ АУДАНЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІ СӘУЛЕ АУЫЛЫНЫҢ ШӘРӘПИ ӘЛЖАНОВ АТЫНДАҒЫ ЖАЛПЫ ОРТА БІЛІМ БЕРЕТІН МЕКТЕБІ" КММ
КГУ "ОБЩЕОБРАЗОВАТЕЛЬНАЯ ШКОЛА СЕЛА САУЛЕ ИМЕНИ ШАРАПИ АЛЬЖАНОВА  ОТДЕЛА ОБРАЗОВАНИЯ ПО РАЙОНУ БИРЖАН САЛ  УПРАВЛЕНИЯ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ"

Әлеуметтік желілер

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Мектепте технология пәнін оқыту

02.06.2017

Экономикасы қарыштап дамып келе жатқан елдерде телекоммуникацияның және ақпараттық технологияның өзгеруіне байланысты технологиялық революция жүруде. Сондықтан қазіргі нарықтық заман шығармашылықпен жобалау және жоспарлай білуді, жаңа технологияны қысқа мерзімде игеруді және жауапты шешімдерді жылдам қабылдауды талап етеді. Осыған байланысты жас ұрпақтың заман талабына сай бір емес. бірнеше мамандықты игеруіне тура келеді, ал оған дайындық мектеп қабырғасынан басталуы тиіс.

Еңбекке баулу – мұғалімнің оқушыларға техникалық, технологиялық білім мен білік беретін, оқу мен еңбек үрдісін ұйымдастыратын, балаларды перспективалық технологиямен таныстырып, олардың перспективалық көзқарасын қалыптастыратын оқу үлгісі. Технологиялық еңбек сабақтарын жоспарлау оқу үрдісін ұйымдастырудағы нақтылықты, бағдарламада қойылған мақсаттарды жүзеге асыруға,шеберханаларды ұтымды пайдалануға, сапсы жоғары өнім дайындауды қамтамасыз етеді. Оқушылар сабақта еңбекке қатысты нақты білім мен білікті игереді.

Просмотров: 442

Қосымшалар:



Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст