«Сәуле ауылының Шәрәпи Әлжанов атындағы ЖОББМ» КММ
2021-2022 оқу жылы
1-тоқсан тәрбие жұмысының мәтіндік есебі
2021-2022 оқу жылына арналған тәрбие жоспары Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2019 жылғы «15» сәуірдегі №145 бұйрығына 2-қосымша, Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына сәйкес оқу-тәрбие жүйесі білім берудің барлық деңгейлерінде бірыңғай идеологиялық және құндылықтар тәсілдерінің негізінде құрылып, мектеп директорымен бекітілді. 1-тоқсанда өтілген іс-шаралар «Рухани жаңғыру» бағдарламасы негізінде 8 бағыт , олар
1.Жаңа қазақстандық патриотизм мен азаматтыққа тәрбиелеу, құқықтық тәрбие;
2.Рухани-танымдық тәрбие;
3.Ұлттық тәрбие;
4.Отбасылық тәрбие;
5.Еңбек, экономикалық және экологиялық тәрбие;
6.Көпмәдениетті және көркем-эстетикалық тәрбие;
7.Зияткерлік тәрбие, ақпараттық мәдениетті тәрбиелеу;
8.Дене тәрбиесі, салауатты өмір салтын қалыптастыру бағытында жұмыстар атқарылды.
2021-2022 оқу жылының бастамасы Жаппай біліммен қамту қорынан көмек алатын оқушылардың "Мектепке жол" акциясы аясында сабаққа толық қамтылуынан басталды.
1-қыркүйек күні "Сәуле ауылының Шәрәпи Әлжанов атындағы жалпы орта білім беретін мектебі" КММ-нің ұжымы "Мектепке жол" акциясы аясында 1-сынып оқушысы Санат Дильназға 27000 теңге көлемінде көмек көрсетті. Дильназға оқу құралдары, сөмке,мектеп формасы,аяқ киім әперілді.
1-қыркүйек күні "Сәуле ауылының Шәрәпи Әлжанов атындағы жалпы орта білім беретін мектебі" КММ -нің 1-сынып оқушыларына ТОО"Баймырза -Агро" 5000 теңгеден сыйлық беріп,көмек көрсетті. Ата -аналар және мектеп ұжымы атынан ТОО" Баймырза -Агро" ұжымына шексіз алғыс білдіреміз.
Әлемдік өркениетке бет алған бүгінгі қазақ елінің болашағы білім мен тәрбие алауын жаққан мектеппен тікелей байланысты.
Сәуле ауылының Ш.Әлжанов атындағы жалпы орта білім беретін КММ-де 1 қыркүйек - білім күні салтанатты түрде санитарлық талапқа сай аталып өтті. Бұл күні мектеп оқушыларына және мектеп табалдырығын аттағалы тұрған бүлдіршіндер үшін алғашқы қоңырау соғылды.
1 қыркүйек білім күніне орай 1-11 сынып оқушылары арасында Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай «Тәуелсіздік жетістіктері» тақырында тәрбие сағаттары өтті.
2021-2022 оқу жылының алғашқы аптасы Қазақстан халықының тілдері күнімен басталды. 6-17 қыркүйек аралығында Аудандық білім бөлімінен келген «Қазақстан халқы тілдері» күнін өткізу жоспарына сәйкес «Тілге құрмет-елге құрмет» - қағидасымен гуманитарлық пән бірлестігі отырыс жасап, өткізілетін іс-шараларға жоспар құрды
6-қыркүйек күні қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Б.Ш.Шуленова «Қазақ тлім- менің ұлттық мәртебем» тақырыбында танымдық сабақ өткізді.
8-қыркүйек күні бастауыш сынып мұғалімдері «Жасай бер, қазақ тілі, ана тілі!» тақырыбында 1-4 сынып оқуышылар арасында мәнерлеп оқу сайысын, ашық сабақ өткізді.
11-қыркүйек күні орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі С.К.Альжанова 5-9-сынып аралығында мәнерлеп оқу сайысын өткізді. Оқушылар мақтау грамоталармен марапатталды.
15-қыркүйек күні ағылшын тілі пәні мұғалімі Г.С.Сулейменова 7-сынып оқушыларымен «Абай Құнанбаевтың өмірі мен шығармашылығы» тақырыбында танымдық сабақ өткізді.
16-қыркүйек орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі С.Қ.Альжанова «Великий и могучий Русский язык» тақырыбында ашық сабақ өткізді.
6-17 қыркүйек аралығында С.К.Альжанова орыс тілінде эссе жазу сайысын өткізді. Үздік эсселер әлеуметтік желіге жарияланды.
17-қыркүйек күні кітапханашы А.Ө.Қалиева «Қазақстан халқы тілдері» күніне орай мектеп кітапханасындағы тәрбиелік мәні бар, мемлекеттік тіліміздің даңқын асыратын, патриоттық тәрбиеге баулыйтын кітаптар желісімен таныстырып, көрме ұйымдастырды.
17-қыркүйек күні «Қазақстан халқы тілдері» күні апталығының жабылу салтанатын мектебімізідің көркемөнерпаздар үйірмесінің жетекшісі Ж.А.Альжанов өткізді. Мәнерлеп оқу сайысының жеңімпаздары өз өлеңдерін оқып мақтау грамоталарымен марапатталды.
15- қыркүйек "Отбасы күні" апталығының жоспарына сәйкес 1- сынып жетекшісі Р.К.Уалиева және мектеп психологі Б.А.Сманова "1-сынып оқушыларының мектепке психологиялық бейімделуі" тақырыбында ата- аналар жиналысын өткізді.
Психолог Б.А.Сманова "Отбасы- бақыт мекені " тақырыбында танымдық сабақ өткізді.
«Отбасы» күніне орай мектеп оқушылары арасында «Біз бақытты жанұямыз» тақырыбында видеоролик сайысы өтті. Үздік видеороликтер әлеуметтік желіге жарияланды.
https://www.facebook.com/100043801012276/videos/4505716489491063/
https://www.facebook.com/100043801012276/videos/3029980150653212/
https://www.facebook.com/100043801012276/videos/564777971240326/
https://www.facebook.com/100043801012276/videos/409242357283868/
13.10.-27.10 қыркүйек аралығында мектебімізде Дүниежүзілік Туризм» күніне орай өтілетін іс-шаралар жоспары құрылды.
«27 қыркүйек – Дүниежүзілік Туризм» күніне орай Тарих және география пәні мұғалімі Ә.М.Барболова 11-сынып оқушыларымен арнайы сабақ өтті.
20-23 қыркүйек аралығында ТІМ Г.А.Бопанова мектеп оқушылары арасында фото конкурс ұйымдастырды. Үздік фотосуреттер әлеуметтік желіге жарияланды.
https://www.facebook.com/100043801012276/videos/920291125555658/
20-23 қыркүйек аралығында 8-сынып оқушысы Тотай Ерасыл «Біржан сал ауданының киелі жерлері» тақырыбында шағын зерттеу жұмысын орындап, бейнеролик жасады. Аудандық білім бөлімі ұйымдастырған Дүниежүзілік туризм күніне арналған іс- шараға қатысып 3 орын иеленді.
1-11 сынып жетекшілері жоспарға сәйкес туризм күніне байланысты тәрбие сағаттарын өтті.
22 қыркүйек күні кітапханашы А.Ө.Қалиева «Қазақстанның туристік әлеуеті» тақырыбында танымдық сабақ өткізді.
23 қыркүйек Аудандық мәдениет үйінің ұйымдастыруымен ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына байланысты " Тарих білгірі" атты квест ойынын ұйымдастырды. Аудан бойынша 5 мектеп қатысып, мектебіміздің намысын 9-сынып оқушысы Қайыр Айсұлу, 11- сынып оқушылары Малгельдинова Даяна және Сұңғат Гүлназ қорғап 3- орын иеленді.
Аудандық білім бөлімінен келген бұйрық негізінде құрылған Ы.Алтынсариннің 180 жылдығына арналған жоспарға сәйкес барлық іс-шаралар орындалды.
1-11-сынып жетекшілер тәрбие сағаттарын, гуманитарлық пән бірлестік мүшелері челендж ұйымдастырып , үздік жұмыстар әлеуметтік желіге жарияланды.
https://www.facebook.com/100043801012276/videos/274352764345044/
https://www.facebook.com/100043801012276/videos/1558515534485066/
Кітапханашы А.Ө.Қалиева Ы.Алтынсариннің 180 жылдығына байланысты кітап көрмесін ұйымдастырды.
Сәуле ауылының Ш.Әлжанов атындағы ЖОББ мектебі КММ "Ыбырай Алтынсариннің туғанына 180 жыл" толуына орай өткізген арнайы танымдық сабақтары
9-сынып оқушысы Қайыр Айсұлу зейнеткер ұстаз, «Ыбырай Алтынсарин» төсбелгісінің иегері Жамал Жексенбайқызы Смағұлмен сұхбат жүргізіп видеоролик жасады.
https://www.facebook.com/100043801012276/videos/4394848630612015/
28 қыркүйек Қазақстан Республикасының 30 жылдығына орай 1-11 сынып жетекшілері «Тәуелсіздік жетістіктері» тақырыбында тәрбие сағаттарын өтті. Аталған іс-шараның фото суреттері әлеуметтік желіге #qazaqstan хештегімен жарияланды.
27-30 қыркүйек аралығында 1-11 сынып оқушылары арасында «Ұстаздар күніне орай тәрбие сағаттары, қабырға газеті байқауы, үздік құттықтау видеоролик байқауы ұйымдастырылды. Үздік видеороликтер әлеуметтік желіге жарияланды.
https://www.facebook.com/100043801012276/videos/4754720631205926/
https://www.facebook.com/100043801012276/videos/165392902433438/
28 қыркүйек күні ұстаздар күніне орай «құттықтау» марафоны, «Мұғалімдер әулеті» репортажы және оқушыларға мұғалім мамандығының маңыздылығын түсіндіру мақсатында «Өзін өзі басқару» күні ұйымдастырылды.
Барлық аталған іс-шаралар санитарлық нормаға сәйкес ұйымдастырылды.
https://www.facebook.com/100043801012276/videos/205512695006947/
29 қыркүйек мұғалімдер арасындағы сыйластықты нығайту мақсатында «Құпия дос» ойыны ұйымдастырылды.
30 қыркүйек 1-11 сынып оқушылары «Ұстаз- Ұлы тұлға» тақырыбында барлық санитарлық норманы сақтай отыра мерекелік кеш ұйымдастырды.
29 қыркүйек Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған «Асық ату» ойынынан 3-сынып оқушысы Сағат Мөлдір І орын, 6-сынып оқушысы Қайрат Мағжан І орын және «Сұр мерген» номинациясын, 8-сынып оқушысы Асқаров Әліби І орын және «Сұр мерген» номинациясын, 11-сынып оқушысы Еркін Алмаз ІІІ орын иеленіп жалпы командалық есеп бойынша ІІ орын иеленді.
Степняк қаласында 1 қазан ұстаздар күніне орай салтанатты мерекелік кеш өтті. Дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Шайкенов Сакен Мұхтарұлы Білім беру саласын дамытуға қосқан зор үлесі, жас ұрпақты оқыту және тәрбиелеу ісіндегі табыстары және кәсіби шеберлігі үшін Ақмола облысының Білім басқармасының Құрмет грамотасымен марапатталды.
Мектеп директоры Тлеукенова Марал Сайрановна және Бастауыш сынып мұғалімі Альжанова Махаббат Амангельдиновна , "Болашақ" шағын орталығының тәрбиешісі Ташимова Жадыра Сайлауовна Білім беру жүйесіндегі адал жұмыс және кәсіби қызметте жеткен жетістіктері үшін Облыстық Кәсіподақ ұйымының Құрмет грамотасымен марапатталды.
1-қазан күні «Зорлық – зомбылықсыз балалық шақ» он күндік жоспары құрылып бекітілді.
4.10-08.10 аралығында « Біз әлемді өзгертеміз, зорлықсыз әлемді қалай құруға болады» тақырыбында эссе жазу сайысы өтті. Сайыс жеңімпаздарының жұмысы әлеуметтік желіге жарияланды.
"Рухани жаңғыру" бағдарламасының жоспарына сәйкес "Жаңа Қазақстандық патриотизм мен Азаматтық тәрбиелеу, Құқықтық тәрбие" бағыты бойынша және "Зорлық-зомбылықсыз балалық шақ" он күндік жоспары негізінде 2-5 сынып оқушылары арасында "Әрқашан күн сөнбесін"тақырыбында сурет сайысы өтті. Үздік суреттер әлеуметтік желіге жарияланды.
2,3- сынып жетекшілері М.А.Альжанова және А.Б.Темірғалиева "Бала зорлығы- қоғам қасіреті" тақырыбында тәрбие сағатын өтті.
Мектеп психологі Б.А.Сманова «Зорлық-зомбылықсыз балалық шақ» тақырыбында 7-11-сынып қыздары арасында тренинг өтті.
Құқық пәнінің мұғалімі Сулейменова Сулушаш 7-11 сынып оқушылары арасында «Құқығың бұзыла ма?» сауалнама алды.
5-11 сынып жетекшілері және медбике "Жасөспірімдердің ерте жетілуі және жеке бастың құндылығы" тақырыбында түсіндіру жұмыстары мен тәрбие сағаттарын өтті.
Оқушыларға "Бес ереже мүмкін емес" тақырыбында ескертпе мен кеңес парағын тараттылды. Ата-аналарына арналған ескерту қағаздарын "Ватсап " әлеуметтік желісі арқылы жолданды.
Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 30 жыл толуына орай өтілетін іс-шаралар жоспарына сәйкес "Тәуелсіздік- Мәңгілік елдің тұғыры" тақырыбында мектеп кітапханашысы А.Ө.Қалиева кітап көрмесін ұйымдастырды.
Мектеп психологі Б.А.Сманова "Дүниежүзілік психикалық денсаулық" күніне орай 8-11 сынып оқушыларымен және мұғалімдермен түрлі тренингтер өткізді.
1 қазан - Қарттар күніне орай Мектеп ұжымы және Округ әкімі бірлесе "Қарттарым - асыл қазынам" тақырыбында мерекелік кеш ұйымдастырды. Оқушылар өнерлерін көрсетіп, ән айтып , би билеп ауыл қарияларының алғысына ие болды.
16 Қазан "Нан" күніне орай 1-4 сынып оқушылары арасында "Ас атасы - Нан" тақырыбында тәрбие сағаттары өтті.
Мектебімізде «Алаш» өзін-өзі басқару ұйымы құрылды. «Алаш» өзін-өзі басқару ұйымы «Жас Ұлан» және «Жас қыран» ұйымы болып бөлінеді. «Алаш» өзін-өзі басқару ұйымының жоспарына сәйкес мектепшілік "Жас ұлан" ұйымы Президентін сайлауы өтті. Сайлауда басым дауыспен 9- сынып оқушысы Қайыр Айсұлу "Жас ұлан" ұйымының президенті болып сайланды .
"Алаш"өзін-өзі басқару ұйымы "Бағытымыз айқын, мақсатымыз анық" ұранымен құрылды.
Тәлімгер А.Ж.Бакенова жоспарға сай "Алаш" өзін-өзі басқару ұйымының отырысын өткізіп, ұйым мүшелерінің мақсаты, міндеттері, жүйесімен таныстырды. Ұйым мүшелерінің жеке тұлға болып қалыптасуы, ішкі мүмкіншіліктері, бейімділігі, мақсат-мүдделері мен шығармашылық қабілеттерінің байқалуы мен қалыптасуына жағдай жасалатынын айтты.
16-қазан –Нан күніне және Алтын күз мерекесіне орай «Берекелі-күз, мерекелі-күз» тақырыбында барлық санитарлық нормаларды сақтай отыра 9-сынып оқушылары мен сынып жетекшісі Үмітжан Залетқызының ұйымдастыруымен мерекелік кеш өтті. Оқушылар «Күзгі сән үлгісі», «Күзгі дәмді ас», «Күзгі қол-өнер бұйымы», «Үздік қабырға газеті» номинациялары бойынша марпатталды.
"Құтқарушылар күні" мерекесі аясында #ТревожныйЧемоданчикмчс #Яволонтермчс тақырыбында челендж өтті.
https://www.facebook.com/100043801012276/videos/3106818272884922/
"Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне - 30 жыл" толуына орай жасөспірімдер арасында өткен қазақ күресінен іріктеу турниріне мектеп оқушылары қатысып,
Тотай Ерасыл және Сағымбай Досжан 1- орын, Рахат Куаныш 1-орын, Сағымбай Жандос , Қайрат Мағжан, Әнәс Әлинұр 3- орын иеленді.
1- орын иеленген Тотай Ерасыл және Сағымбай Досжан Республикалық турнирге жолдама алды. Аудан намысын ойдағыдай қорғап, биік белестен көріне беріңіздер!
Қоғам қайраткері Әлихан Бөкейханның 155 жылдық мерей тойына орай ұйымдастырған "Алаш ардақтысы" республикалық байқауынан 5 сынып оқушысы Ескендір Мөлдір 2- орын иеленді. Жетекшісі Тлеукенова Марал Сайрановна.
Тәуелсіздік 30 жылдығына орай "Мен үшін Тәуелсіздік...." челенджіне 3-2 сынып оқушыларының және М.А.Альжанованың қатысуымен видеролик түсірілді.
Видеоролик әлеуметтік желіге жариялынды.
https://www.facebook.com/100043801012276/videos/428437815356891/
Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай дене шынықтыру пәні мұғалімі Нұржанов Бақытжан Асық ату және бес асық ойынынан 2-4 сынып оқушылары арасында сайыс өткізді. Сайыс жеңімпазы 4-сынып оқушысы Сағынбай Аян 1-орын, Әнәс Әлинұр 2 орын, Абдрахманов Әлем 3-орын иеленді. Қыздар арасында Бес асық ойынынан 1-орын Долдашева Жасмин, 2- орын Талғатбек Нұрайым, 3-орын Нұрлан Карина иеленді.
Жеңімпаз оқушылар Аудандық кезеңде мектеп намысын қорғамақ.Тек биік белестен көрініп, Ұлттық ойынымыз жандана берсін.
Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай Тарих және география пәні мұғалімі Барболова Әсемгүл "Тарих және Болашақ" тақырыбында 11 сынып оқушыларымен ашық сабақ өтті.