Кітапхана — дүниеде ештеңе теңестірілмейтін білім бұлағының көзі. Қоғамның өсуі, адамзаттың өсіп-өркендеуі кітаппен тығыз байланысты. «Кітап — білім бұлағы» демекші, осынау білімнің тұнық та мөлдір бұлағынан шәкірттерді сусындатып, олардың рухани дүниесін молайтып, тағылымы мол тәрбие ошағына айналып отырған кітапхананың мектепте алар орны орасан зор.
Оқушылардың қазіргі кезде қоғамымыздың дамуына қарай ақпаратты жан-жақты алу аудио, видео, интернет жүйесі арқылы мүмкіндік туғанымен мектеп кітапханасында әдеби кітаптарды оқи отырып, алған білім мен сауаттылықтың орны ерекше. Осыған орай мектебіміздің кітапханашысы А.Ө.Қалиева апта сайын Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай мектеп оқушыларына танымдық сабақ өткізуде.
Танымдық сабақта оқушылар білімін бекітіп, қоғамдағы қарым-қатынасты аңғартып , қазақтың мәдени өмірінен хабардар болуды пікірталас арқылы сөйлеу тілін дамыту, оқушыларға берілген тақырыпқа қатысты талдау жасап, кітапханадан негізгі ақпаратты тауып, тақырыпқа қатысты ой-пікірлерін сұрыптап және жүйелеу мақсатындағы дағдыларын қалыптастырып,тапқан ақпараттарын сабақ барысында тиімді пайдалануға үйретуде.