2021 жылдың 13 желтоқсанында «Өрлеу» БАҰО» АҚФ ҚР ББЖҚБАРИ «Менедмент және инклюзивтік білім беру» кафедрасының әдістемелік сүйемелдеу және курстан кейінгі қолдау зертханасының меңгерушісі Г.А.Биомаровамен Ақмола облысы Біржан сал ауданы «Сәуле ауылының Шәрәпи Әлжанов атындағы жалпы орта білім беретін мектебі» КММ диpектоpы Тлеукенова Марал Сайрановна және диpeктopдың оқу ісі opынбaсapы Барболова Әсемгүл Магауовна, мектептің әдiстемелiк бipлестiктігінің жетекшісі Кабдошева Алмагүл Серікқызымен On –Line семинар ұйымдастырылды.
On –Line семинар барысында мектеп директоры М.С. Тлеукенова «Белсенді оқыту арқылы өзін-өзі жетілдіру» тақырыбында баяндама оқыды. Мектептің тыныс-тіршілігімен таныстырып, жаңа оқыту әдіс-тәсілдеріне тоқталып, жүргізіліп жатқан жұмыстарды слайдтар арқылы көрсетті.
Әдiстемелiк бipлестiктігінің жетекшісі Кабдошева Алмагүл Серікқызымен «Заманауи оқытудың жеті модулі» тақырыбында баяндама жасап, мектепте, сабақ барысында жүргізіліп жатқан жұмыстың нәтижелерін сараптап, қорытынды жасады.
Диpeктopдың оқу ісі opынбaсapы Барболова Әсемгүл Магауовна «Оқушылардың жаратылыстану – ғылыми ойлау сауаттылығын дамыту» тақырыбында баяндама оқыды. Білім алушылардың Халықаралық зерттеу PISA тесті бойынша оқушылардың қоғамның толыққанды мүшесі болу үшін қажетті белгілі бір біліммен машықтар жиынтығын қаншалықты жақсы меңгергенін бағалауды көздейтін тапсырмалар жиынтығымен таныстырды.
Семинар соңында қатысушылар сындарлы идеялар мен тәжірибелермен алмасып, қаралған мәселелердің маңыздылығын өзектілігін атап өтті.